Бұған дейін Қазақстанға әскер кіргізуге шақырған Екібастұз тұрғынының бейнежазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырғанын жазған едік, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Павлодарда "сепаратистік сипаттағы видео жариялады" деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ол қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты пікір айтқан видеосы кеңінен тараған болатын.
ҰҚК мәліметінше, күдіктіні ұстау операциясы 28 қазанда прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ, ведомство күдіктінің бұған дейін есірткі заттарын өткізгені үшін сотталғанын хабарлап отыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасаған ҰҚК істің өзге де мән-жайларын жария етпеді.