Павлодарда шұңқыр қазған тұрғын мерт болды

364

Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды.  

Павлодарда шұңқыр қазған тұрғын мерт болды Фото: inbusiness.kz

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, 15 қазан күні кешкі сағат 19:08-де Достоевский көшесі, 60 мекенжайы бойынша екі ер адам топырақ астында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Бригада оқиға орнына төрт минутта жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

– Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды.  51 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, – деді станцияда. 

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу