Павлодарда шыбын-шіркейге қарсы әуеден 24 мың литр "Бактицид" себіледі

956

Павлодарда шыбын-шіркейге қарсы әуеден 24 мың литр "Бактицид" себіледі

Павлодарда шыбындарға қарсы әуеден өңдеу жұмыстары барысында күніне 24 мың литр биологиялық "Бактицид" дәрісі жұмсалады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгін қалалық маслихаттың депутаттары Павлодар қаласы аумағындағы қансорғыштарды жерден және әуеден улау жұмыстарын бақылады.     

-Жұмыстар 20-сәуірде басталды. Жуық арада Ертіс алқабында баржа іске қосылады. Қазір Усолка мөлтек ауданында жерден өңдеу жұмыстары жүргізілуде, мұнда улау жұмыстары биологиялық "Бактицид" арқылы жүзеге асырылады. Ал, химиялық дәрі жаңбыр суынан пайда болған шалшық сынды жерлерде ғана пайдаланылады. Себебі ол балықтар үшін қауіпті. Сондықтан Ертіс алқабына баратын суларға қолданылмайды. Кешегі күн ішінде 16 литр "Масамор", 442 литр "Бактицид" және 32 литр "Фуфанон" препараттары пайдаланылды, - дейді "Фитосанитария" РМК Павлодар облыстық филиалының бас маманы Иван Кисиль.

Сондай-ақ, Кенжекөл өңіріндегі әуежай аумағында әуеден өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу