Павлодарда сот 138 млн теңгелік салық дауы бойынша соңғы шешім шығарды

240

Прокуратура наразылығынан кейін сот бизнес пен салық органы арасындағы дауға нүкте қойды.  

Павлодарда сот 138 млн теңгелік салық дауы бойынша соңғы шешім шығарды Фото: masterclass.com

Павлодарда прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот қосылған құн салығын (ҚҚС) қосымша есептеуді заңды деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дау "СПЕЦСТРОЙ Групп ЛТД" ЖШС төңірегінде туындаған. Компания "ПАВЛОДАР-СПЕЦСТРОЙ", "ГЕРМЕС-ПВ" және "Көкшетау жол-пайдалану учаскесі" кәсіпорындарының құқықтық мұрагері болған.

Қайта ұйымдастырудан кейін серіктестікке 138 млн теңгеден астам сомаға ҚҚС қалдығы беріліп, салық бойынша асып кету пайда болған. Осыған байланысты салық органы түзету жүргізіп, аталған соманы қосымша есептеген.

Алайда компания бұл шешіммен келіспей, бірінші және апелляциялық сот сатыларында жеңіске жеткен.

Кейін Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот төменгі соттардың шешімдерін жойып, серіктестіктің талабын қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша салық органының әрекеттері заңды деп танылды.

Сот шешімі әділ салық салу қағидатын қалпына келтіріп, мемлекеттің мүддесін қорғауға мүмкіндік бергені атап өтілді.

Сондай-ақ кассациялық сот "ҚазБитумСервис" ЖШС бойынша 7 млн теңге көлеміндегі қосымша есептеуді де заңды деп таныды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу