Павлодарда сотталған азамат түзеу мекемесінде шаңырақ көтерді

138

Сотталғаннан кейін де қыз оны күтіп, қолдау көрсеткен.

Павлодарда сотталған азамат түзеу мекемесінде шаңырақ көтерді Фото: polisia.kz

Қиындық пен сынаққа толы 5 жыл олардың сезімін әлсіретпей, керісінше нығайта түскен. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, түзету мекемесінің аумағында неке қию рәсімі заңды түрде өткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Салтанатты шараға мекеме қызметкерлері мен жақын туыстары қатысып, жас жұбайларға ақ тілектерін білдірді.

Мекеме әкімдігінің айтуынша, мұндай отбасылық қолдау сотталған азаматтың түзелуіне, қоғамға қайта бейімделуіне оң әсер етеді.

Ал жас жұбайлар болашақта бостандықта бірге өмір сүруді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу