Павлодарда суға батып кеткен 19 жастағы жігіттің денесі 2 күннен кейін табылды

228

Куәгерлердің айтуынша, ол суға түсіп, қайта шықпаған. 

Павлодарда суға батып кеткен 19 жастағы жігіттің денесі 2 күннен кейін табылды Фото: irbis.tv

Павлодар маңында суға кеткен 19 жастағы жігіттің денесі екі тәуліктен кейін табылды. Ол Жанауыл ауылының маңынан табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы құтқарушыларға 11 тамыз күні таңғы сағат 5:37-де хабарланған. Куәгерлердің айтуынша, ол суға түсіп, қайта шықпаған.

"Іздестіру жұмыстары барысында сүңгуірлер 80 рет суға түсті. 13 тамыз күні іздестіру жұмыстары кезінде құтқарушылар Жанауыл ауылының маңынан 2007 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан алып шықты", – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.

Іздестіру жұмыстарына сегіз құтқарушы жұмылдырылды. Олар үш жүзу құралын пайдаланып, эхолоттың көмегімен іздеу жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу