Павлодарда "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері облыстық ІІД және ҰҚКД бірлесіп, 1996 жылы туған азаматты ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, ұсталған азамат әлеуметтік желілер мен интернет-мессенджерлер арқылы терроризм және діни экстремизм идеяларын насихаттайтын мазмұндағы материалдарды сақтаған әрі таратқан.
"Сотқа дейінгі тергеу басталып, қазір ол тұтқынға алынды. Бұл қолға түскен алғашқы деструктивті діни ағым жақтаушысы емес. Өткен жылдың соңында экстремистік қылмыс жасағаны үшін "Хизб-ут-Тахрир аль Ислами" ДЭҚ құрылымдық орталар құрамында Павлодар қаласының тұрғыны Р. Гинатуллин ұсталған болатын. Ол кейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ биыл "Хизб-ут-Тахрир аль Ислами" ДЭҚ заңсыз әрекетінің қатысушы – Екібастұз қаласының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", – дейді департамент мамандары.