Павлодарда тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды

237

Құтқарушылар пәтерге терезе арқылы кірген.

Павлодарда тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды Фото: pavlodarnews.kz

Құтқарушылар ас үйдің терезесі арқылы үйге кіріп, орындықтағы отырған әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 16:50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған. 

– Құтқарушылар ас үйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды, – деді департаментте.

Шақыртуға бір техника мен ТЖД-ның төрт қызметкері, 102 қызметі шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу