Павлодарда тұрғындар еліктің лағын құтқарып қалды

270

Жануарға Томи деген есім берілді.  

Павлодарда тұрғындар еліктің лағын құтқарып қалды Фото: Аждар Жүсіпов

Павлодар облысында жол жиегінен еліктің лағын құтқарып, оған қамқорлық танытқан отбасының әрекеті орманшыларды сүйсінтті, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шарбақты тасжолының бойында, Галкин ауылынан облыс орталығына қарай келе жатқан отбасы еліктің кішкентай төлін байқап қалған. Олар жабайы жануарды өздерімен бірге ала кетіп, орманшылардың қолына тапсырған.

– Отбасы мүшелері бірден "109" бірыңғай байланыс орталығына хабарласқан. Орталық мамандары бұл ақпаратты Павлодар орман шаруашылығының қызметкерлеріне жолдаған. Көп ұзамай жеткен орман шаруашылығының мамандары кішкентай елікті өз жауапкершіліктеріне алды, – дейді Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Қазіргі уақытта ол арнайы орынға орналастырылып, бақылауға алынған. Қажетті күтім жасалуда. Сиырдың және ешкінің сүтімен қоректендіріліп жатыр.

Орманшылар оны күзге дейін бағып, одан соң Ертіс өзені жайылмасындағы еліктерге апарып қоспақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу