Павлодарда тұрғындардан ақша бопсалаған 6 адам ұсталды

343

Күдіктілер бір ай бойы тұрғындарды күш қолданумен қорқытқан.  

Павлодарда тұрғындардан ақша бопсалаған 6 адам ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Павлодар облысында тұрғындардан ақша талап етіп, күш қолданумен қорқытқан алты адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер бір ай бойы Павлодар қаласының тұрғындарынан ақша талап еткен. Ақша бермеген жағдайда күш қолданатынын және дене жарақатын салатынын айтып қорқытқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталып, алты адам ұсталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу