Павлодарда түрмеге есірткіні тіс жуатын пастаның ішіне жасырып жіберген

579

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Павлодарда түрмеге есірткіні тіс жуатын пастаның ішіне жасырып жіберген Фото: Видеодан скриншот

Павлодардағы колонияның бірінде тіс пастасының ішіне есірткі жасырып, кіргізбекші болғандардың ісі әшкере болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

№46 мекемеде сотталғандардың біріне синтетикалық есірткі жеткізу әрекетінің жолы кесілді.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, мекеме қызметкерлері пошта арқылы келген сәлемдемені тексеру кезінде күмәнді затты анықтаған.

– Тексеру барысында тіс пастасының ішінен ашық сары түсті ұнтақ салынған полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың синтетикалық есірткі – альфа-PVP екенін көрсетті. Оның салмағы 0,7 грамды құраған, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу