Павлодарда Ұлттық ұланның қару-жарағы мен әскери техникасы тексеруден өтті

156

Жоспарлы техникалық байқау 5512 және 6679 әскери бөлімдерінде өтті.   

Павлодарда Ұлттық ұланның қару-жарағы мен әскери техникасы тексеруден өтті Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Павлодар қаласында Ұлттық ұланның әскери техникасы мен қару-жарағының жауынгерлік әзірліктері пысықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әскери қызметшілер бұл шараға тыңғылықты дайындалған. Байқауға арнайы мақсаттағы бөлімшелердің техникасы, жеке құрамды тасымалдауға арналған жоғары өтімді көліктер, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы автокөліктер тартылды.

– Жыл сайынғы техникалық байқаудың басты мақсаты – әскери техниканы сапалы дайындап, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын жоғарғы деңгейде ұстау. Патрульдік қызметке арналған автокөліктердің, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілердің техникалық жағдайы жан-жақты тексеріледі. Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігі көбіне техниканың жеке құрамды белгіленген жерге уақтылы жеткізуіне тікелей байланысты, – дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, полковник Азамат Ғабдуллин.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық әскери техника сапалы күйде және кез келген тапсырманы орындауға толық дайын екені белгілі анықталды. Сондай-ақ, офицерлер мен жүргізушілердің де дайындық деңгейі назардан тыс қалған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу