Павлодарда ұзындығы 50 шақырым болатын веложол салынады

765

Заманауи транспорттық инфрақұрылымды құру мақсатында веложолдың құрылысына қаражат бөлінді. Жергілікті компаниямен жобалау жұмыстары жүргізілуде. 

Павлодарда ұзындығы 50 шақырым болатын веложол салынады

Облыс орталығында ұзындығы 50 шақырымдық велоспиед жолын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиын барысында аймақ басшысының бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Заманауи транспорттық инфрақұрылымды құру мақсатында веложолдың құрылысына қаражат бөлінді. Жергілікті компаниямен жобалау жұмыстары жүргізілуде. Көлікті қоятын және тұрғындар демалатын орын болады. Қазіргі таңда мұз айдының құрылысы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мемлекеттік жеке меншік-серіктестік аясында жеңіл атлетикалық манеж және футбол манежі, олимпиадалық резервті дайындау орталығының құрылысы бойынша келіссөздер өткізіледі",– дейді Ұлан Жазылбек.

Бұдан басқа, облыс әкімінің орынбасары Усолка шағын ауданындағы Ертіс алқабын жайластыру арқылы 540 гектар аумақта қоғамдық-спорттық аймақты дамыту жоспарланып отырғанына тоқталып өтті. Бұл жерде триатлон, биатлон, ескек есу және серуендеу аймағын құру жоспарланған.

Жоба аясында олимпиадалық стандарттарға сай Еrtis Olympic спорт нысаны бой көтерген.

Еске сала кетейік, өткен жылы Павлодар облысы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұзындығы 11 шақырым веложол сыйға тартқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу