Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті қамауға алынды

111

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.    

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті қамауға алынды Фото: polisia.kz

Павлодарда полицейлер зейнеткер әйелді тонамақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктіні ұстау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

– 11 наурыз күні полицияға тонау әрекеті туралы хабарлама түсті. Камзин көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде, кейін подъезінде белгісіз ер адам зейнеткердің азық-түлік салынған пакеті мен әмиянын тартып алуға тырысқан. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел қызметкерлер күдіктінің қашу бағыттарын, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді. Нәтижесінде Екібастұз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды, – деп хабарлады облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов. 

Аталған факті бойынша тонауға оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу