Павлодарда жаңа жағажай ашылды

1549

Павлодарда жаңа жағажай ашылды

Павлодарда Астана күніне орай Лермонтов көшесінен "ҚазТрансОйл" АҚ дейін Ертіс өзенінің жағалауында ұзындығы 400 метр жаңа жағажайдың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Бұл аумақтың басшысының жұмысын күнде тексеретінмін. Керемет жағажай. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін өте жайлы аймақ болады. Бұл мен үшін де үлкен мереке, мен 84 жасқа толдым", - деді Павлодар қаласының құрметті азаматы Евгений Азаров.

Ал, Павлодар облысының әкімі қаладағы жағажайдың төрт шақырымға дейін жеткенін тілге тиек етті.

"Елордамыздың құрметіне орай ашылған жағажай павлодарлықтар үшін тамаша сый болды. Енді, біздің жағажайдың ұзындығы төрт шақырымға дейін жетті. Біздің ардагерлер таңғы алтыдан бастап қыдырады, ал, кешке мұнда жастар жүреді. Бұл жағажайды "Ертіс променад" деп атауға толық негіз бар. Осымен жұмыстар тоқтамайды, осы аумақты "ҚазТрансОйлдан" әрі қарай да салу ойда бар", – деп айтты Болат Бақауов.

Бұдан кейін аймақ басшысы, билік өкілдері және қала қонақтары жаңа жағажаймен жүріп өтті. Айта кетейік, "АйСу Мелиорация" ЖШС мердігер ұйымымен жер асты және жер беті суларын бұру, жер беті кеңістігін топырақ қабатымен нығайту, қарау алаңдарын құру, аумақты көгалдандыру, суару суқұбырының құрылысы, жарықтандыру жұмыстары жұргізілді. Жаңа көрікті жағажай 218 жарық шаммен жабдықталды.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолындарына жолжиек тастары және асфальт төселіп, 63 архитектуралық пішіндегі орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу