Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

806

Жарақат алған тұрғынға медициналық көмек көрсетілген.  

Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодарда 75 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 11 қараша кешкі сағат 17:00-де болған.

"Ленин кентінде Мұқажанов көшесі бойында Toyota Avensis көлігінің 75 жастағы жүргізушісі 1972 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың белгіленбеген жерінен жүгіріп өткен. Бұл фактіге қатысты сараптама тағайындалды", – деп жазылған Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқыс оқиғадан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілген.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу