Павлодарда сотталғандар PlayStation ойнап, телефон пайдаланған

1313

Прокурорлар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінен PlayStation, Wi-Fi-роутерлері мен 15 смартфонды тәркіледі.  

Павлодарда сотталғандар PlayStation ойнап, телефон пайдаланған Фото: 24.kz/ЖИ

Облыстық прокуратураның мәліметінше, тексеру кезінде тыйым салынған заттармен бірге құлаққаптар, USB-кабельдер мен флеш-карталар да табылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған заттарды сотталғандарға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмейді.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Қазір гаджеттердің мекемеге қалай жеткізілгені және оған кімдердің қатысы бары анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу