Павлодарда жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған тұрғынға айыппұл салынды

151

Оқиға 5 қыркүйекте Майқайың кентінде болған.  

Павлодарда жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған тұрғынға айыппұл салынды Фото: Адильбек Тауекелов

Баянауыл аудандық соты 103 қызметінің фельдшеріне тіл тигізіп, кәсіби қызметіне кедергі келтірген әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел жәрдем бригадасы денсаулығы нашарлаған қызға көмек көрсету үшін шақыру бойынша жеткен. Дәрігерлер пациентті қарау кезінде жанында болған әйел 103 қызметінің фельдшерін балағаттап, жұмысына кедергі келтірген.

Құқық бұзушылық сәті медицина қызметкерлерінің бейнежетонына толық жазылып қалған. Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғылар шақыруларда бір жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Дәл осы бейнежазба сот барысында басты дәлел ретінде қарастырылған.

Сот шешімімен азаматша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80-1-бабы 2-бөлігі ("Медицина және фармацевтика қызметкерлерін өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде балағаттап, құрметтемеушілік таныту") бойынша айыпты деп танылды.

Бірінші сатыдағы сот оған 30 АЕК (129 750 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу