Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, көлік бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға асығып бара жатқан. Жүргізуші арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосып, өткелден өткен кезде зейнеткер әйел жолға шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнында "103" қызметкерлері зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр. Оның екі сирағы сынып, денесінің түрлі жері көгерген.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу