Павлодарда жеке тұрғын үй өртенді

340

Тілсіз жаудың шығуына жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.

Павлодарда жеке тұрғын үй өртенді Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодарда жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 наурыз күні сағат 3:41-де Павлодар қаласындағы Больничный тұйық көшесі қиылысында орналасқан үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Онда мамандар кірпіштен салынған 4 бөлмелі жеке тұрғын үйдің ағаш шатыр құрылымдары жанып жатқанын, сонымен қатар үйге қоса салынған кірпіштен салынған от жағатын бөлменің ағаш едендері отқа оранғандығы анықталды. Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады", - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың күшімен жалын сағат 5:06-да толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаудың шығуына жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.

 Жалынды ауыздықтауға барлығы жеке құрамның 33 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу