Павлодарда жеке үйлердің бірінде монша өртенді

288

Зардап шеккендер жоқ. 

Павлодарда жеке үйлердің бірінде монша өртенді Фото: Павлодар ТЖД

18 желтоқсан күні сағат 07:49-да 112 пультіне Павлодар қаласындағы Усолка 37 мекенжайындағы жеке үйдегі монша өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келді.

"Оқиға орнында 1 қабатты 4 бөлмелі жеке тұрғын үйдің ағаш шатыры жанып жатқаны анықталды, 50 шаршы метр аумақта 10 адам мен 2 техника жұмыс істеді. қызметкерлер өртті сағат 09:01-де сөндірді", делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу