Павлодарда жер дауына қатысты жұмыс тобы құрылды

835

Павлодар билігі "жерсіз қаламыз" деп дабыл қаққан кәсіпкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді.

Павлодарда жер дауына қатысты жұмыс тобы құрылды

Бірақ кезінде газ тарату құрылғылары орналасқан учаскелерді жалға алған бизнесмендердің тығырыққа тірелуінің себебі нақты белгісіз. Қала әкімінің орынбасары Аян Бейсекин бұл жайт заң тұрғысындағы қарама-қайшылықтардың салдары деп қысқа қайырды, деп хабарлайды 24.kz.

Себебі "Үй жанындағы дүкен" жобасын жүзеге асырумен бірнеше мемлекеттік мекеме айналысып, соңында сан соғып қалды. Нақты себебін білікті мамандардан құрылған жұмыс тобы шешпек.

"Мәселенің туындауына заң жүзіндегі қарама-қайшылықтар себеп. Жобаны жүзеге асыру, құжаттарды рәсімдеу шараларымен бірнеше мемлекеттік мекеме айналысқан. Нәтижесінде түсінбестік туындаған. Қазіргі уақытта нақты себебін айту әлі ерте, анықтап жатырмыз. Кәсіпкерлерді барынша қолдауға тырысамыз", – дейді қала әкімінің орынбасары Аян Бейсекин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу