Павлодарда жол апатынан 15 жастағы екі оқушы қаза тапты

156

Павлодар-Ақсу тас жолында Қарабай ауылы аумағында скутер КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. 

Павлодарда жол апатынан 15 жастағы екі оқушы қаза тапты Фото: t.me/tipavlo/1909

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі жасөспірім қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Павлодар-Ақсу автожолында болған жол апаты салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі мен оның жолаушысы қайтыс болды, – деді  Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мустафинов.

@Pavlodarnews.kz мәліметінше, облыстық жедел жәрдем станциясында шақырту 5 маусымда сағат 16.54-те түскенін хабарлады. Павлодар-Ақсу тас жолында Қарабай ауылы аумағында скутер КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Екі жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылып, тоғыз минутта оқиға орнына жетті.

Сол жерде дәрігерлер 15 жасар жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлаған. Ауыр жарақат алған тағы бір 15 жастағы бала №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, алайда екінші жасөспірім де көз жұмған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу