Павлодарда жүкті келіншек таныстарының атына несие рәсімдеген

791

Күдіктіден зардап шеккен10 тұрғын полицияға жүгінген.  

Павлодарда жүкті келіншек таныстарының атына несие рәсімдеген Фото: smartnews.kz

Павлодарда алаяқтық жасап, азаматтарға 15 млн теңге шығын келтірген күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы мен "CiberPol" бөлімшесінің жедел қызметкерлері банк қызметкерлерінің көмегімен алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлықты ұстады.

"Күдікті өз жерлестерінің сенімін асыра пайдаланып, жәбірленушілердің дербес деректерін иемденіп, екінші деңгейдегі банктерде тауарлық кредит ресімдегені анықталды. Тауар ресімделген дүкен қолма-қол ақша алуға көмектесті. Бұл ретте жазасыз қалуға үміттеніп, кәсіпкер қыз банк қызметкерлеріне жалған телефон нөмірлерін қалдырды", – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер бүгінде күдіктінің қармағына түскен осы өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 15 млн теңгені құрады.

Алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жүкті болғандықтан бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Азаматтардан қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұраймыз. Ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға өзінің дербес деректерін хабарлауға болмайды. Үшінші тұлғалар сіздің атыңызға алған несиелерден өзіңізді қорғау үшін несие тарихына мониторинг жүргізіп, ондағы қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда жедел әрекет ету қажет", – деді полиция қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу