Павлодарда жылу беру желісінде апат болып, көшеде ыстық су атқылады

375

Апат орын алған жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Павлодарда жылу беру желісінде апат болып, көшеде ыстық су атқылады Фото: google.com

Pavlodarnews.kz мәліметінше, жылу беру желісіндегі апат сорғы стансасы іске қосылған кезде орын алған, сондай-ақ Мүткенов көшесінде атқылап жатқан ыстық субұрқақтың жоғары температурасы 65 градусты құрайды.

"Павлодарэнерго" АҚ бұл ақпаратты растады.

"Диаметрі 400 мм тоқсандық жылу желісінің зақымдануы №4 сорғы станциясын іске қосу кезінде пайда болды. Коммуналдық қызметтер апаттық учаскеде су беруді тоқтатты. Жөндеу бригадалары зақымдалған жерде жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу