Павлодарда жылу желілерінің 82%-ы тозған

379

Облыс орталығында жылу желілеріне техникалық аудит жүргізілді. 

Павлодарда жылу желілерінің 82%-ы тозған Фото: yandex.kz

"Павлодартехэнерго" және "Севказэнергопром" мамандары жүргізген талдау нәтижелеріне сәйкес, Павлодарда жылумен жабдықтау құбырлары 82%-ға тозған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп жазады inbusiness.kz lifepvl.kz порталына сілтеме жасап.

Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановтың сөзінше, қазіргі жағдайда жыл сайын шамамен 25 км жылу желілерін ауыстыру қажет. Биыл Павлодарда 18,9 км жылу желісін, Екібастұзда – 17,2 км, Ақсуда 13 км-ді ауыстыру жоспарланған.

"Севказэнергопром" ЖЗҚ ЖШС басшысы Владимир Пешков жылу желілерін қайта құру бойынша екі негізгі мәселе барын атап өтті. Оған  жаңа шағын аудандар құрылысының жылдам қарқын алуы мен қомақты қаржылай шығындар жатады. Мәселен, диаметрі 800 мм болатын магистральдың бір шақырымын ауыстыру 1 млрд теңге тұрады. Ол аталған проблеманың болуына қарамастан, өткен қыста Екібастұз және Павлодардағы төтенше жағдайдың қайталану ықтималдығы аз екенін жеткізді.

Ресурстың жазуынша, өңірде сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу де жоспарланып отыр. Олардың тозу деңгейі 66 пайызды құрап отыр. Павлодарда – 8,8 км, Екібастұзда – 4 км, Ақсуда 400 метр болатын сумен жабдықтау құбырын ауыстыру жоспарда бар. Су бұру құбырларын ауыстыру Павлодарда 8,7 км-ды қамтыса, Екібастұзда – 6 км, Ақсуда – 6,9 км.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу