Әкімдік қаулысына сәйкес, Павлодарда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы 14 қыркүйекте басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Павлодарэнерго" АҚ мәліметінше, 14 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен беріле бастады.
Ал 28 қыркүйектен бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі.
Бұл жүйені біртіндеп іске қосып, жылу желілеріне түсетін жүктемені күрт арттырмауға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу