Павлодардағы балалар үйінің 55 тәрбиленушісі отбасын тапты

842

Павлодардағы балалар үйінің 55 тәрбиленушісі отбасын тапты

Павлодар облысында 25 сәуір-25 мамыр аралығында өтіп жатқан "Отбасына барғым келеді!" акциясы аясында балалар үйіндегі 55 жеткіншек ата-ана мейріміне бөленетін болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Облыстық білім беру басқармасы балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлмира Байғазинованың айтуынша, аталмыш шараның мақсаты - жетім балаларды орналастырудың отбасылық нысандары: асырап алу, қамқоршылық, патронат, кабылдаушы және қонақ отбасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу,  баланы отбасында тәрбиелеуге, қабылдауға тілек білдіретін азаматтарға көмек көрсету.

Ашық есіктер күні ретінде өткізілген акцияға балалардың өміріне бей-жай қарамайтын 300-ге жуық адам жиналды. Қазіргі таңда отбасыға алатын 55 балаға  құжаттар ресімделіп жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу