Павлодардағы кәсіпорында жұмысшы бес метрлік краннан құлап кеткен

707

Полицияның жедел мәліметінде бірден екі жазатайым оқиға тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодардағы кәсіпорында жұмысшы бес метрлік краннан құлап кеткен

"2 шілде күні сағат 01.40-та Павлодар қаласындағы акционерлік қоғамдардың бірінің өндірістік цехында 62 жастағы газ дәнекерлеуші өндірістік жұмыстарды орындау кезінде биіктігі 5 метр краннан құлап кеткен. Салдарынан жарақатпен ауруханаға жеткізілд"і, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сол күні сағат 14.10-да акционерлік қоғамдардың бірінің өндірістік цехында 26 жастағы слесарь монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде денесін күйік шалып, ауруханаға түскен.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу