Павлодардағы мектепте адамның түрін анықтайтын алғашқы жүйе орнатылмақ

726

Павлодардағы мектепте адамның түрін анықтайтын алғашқы жүйе орнатылмақ

Павлодар қаласындағы "Жас дарын" мектебінде еліміз бойынша бірінші болып адамның түрін анықтайтын құрылғы орнатылмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Құрылғы оқушылардың түрін анықтап мектепке кіргізеді де, ата-анасына баласы оқуға келгендігі жөнінде хабарлама жіберетін болады. Мектеп аумағынан шыққан кезде де дәл солай хабарланбақ. Бұл өз кезегінде ата-аналардың баласының қауіпсіз жерде екенін біліп, алаңсыз отыруына мүмкіндік береді. Оған қоса, мектептегі оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне есеп жүргізуге болады. Сыныпта аты-жөнін атап түгендеудің қажеттілігі тумайды.

"ТЕХНОЭКСПО" компаниясының өкілі Бауыржан Мұқаевтың айтуынша, бұл әлем бойынша алдыңғы қатардағы жүйе. Анықтау деңгейі 96-98 пайыз. Елімізде өзге де ұйымдықтарда сынақтан өткен. Алайда, білім ордалары бойынша тұңғыш рет осы мектепте тексеруден өткізілуде. Ұсыныстар болса өзге де мекемелерде құруға дайын. Сынақ мерзімі екі аптадан - бір айға дейін жалғасады.
Аталмыш бағдарламаны Дубай, Гонконг, Шри-Ланкада қолданады. Дубай қаласы толықтай осы жүйемен жасақталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу