Павлодардағы мектепте болған өрттің себебі айтылды

714

Оқыс оқиғадан мұғалім зардап шеккен. 

Павлодардағы мектепте болған өрттің себебі айтылды

ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев Павлодардағы №28 мектепте шыққан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Өрттің алдын-ала себебіне тоқталайын. Электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, яғни стандартты емес ұзартқышты пайдалану салдарынан өрт шыққан. Бұл алдын ала жасалған болжам", – деді Ерлан Төрегелдиев. 

Ол бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Айта кетейік, кеше Павлодарда №28 мектеп өртенген болатын. Ғимараттан 576 адам, оның ішінде 551 оқушы қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттен бір мұғалім зардап шекті.

Фото:instagram.com/tipavlo.dar

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу