Павлодардағы мемқызметшілердің 60 пайызын әйелдер құрайды

1272

1 шілдедегі жағдай бойынша 107 павлодарлық мемлекеттік қызмет жүйесінен шығарылған.

 Павлодардағы мемқызметшілердің 60 пайызын әйелдер құрайды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысын жариялады. 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстың мемлекеттік қызмет саласындағы штат саны 5013 бірлікті құрады. Оның 90 пайызы тиісті мемқызметшілермен қамтылған. Тек 497 орын ғана бос тұр.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі – 2983 адам немесе 60 пайыз. "Б" корпусына жататындардың орташасы жасы – 39,9.

"17 адам ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтады. 4 адам "Болашақ" бағдарламасының түлегі болып табылады. 82  адамның шетелдік білімі бар", – деп жазылған ресми хабарламада.

1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қызмет жүйесінен 107 адам шығарылған. Бұл жалпы мемқызметкерлер санының 2,1 пайызын құрайды.

164 адам алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған. Олар үш айлық бейімделу жоспары негізінде тәлімгердің басшылығымен сынақ мерзімінен өтуде.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу