Павлодардағы мұнай зауыты өзі шығаратын өнімге қатысты мәлімдеме жасады

147

Мамандардың айтуынша, АИ-95 және АИ-98 маркалы жанармай мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді.  

Павлодардағы мұнай зауыты өзі шығаратын өнімге қатысты мәлімдеме жасады Фото: www.pnhz.kz

2026 жылғы 25 тамызда зауыт шығаратын өнім сынамалары SGS Kazakhstan тәуелсіз зертханасында талданған. Зертхана арбитражды сынамалардың МЕМСТ 32513 сапасына сәйкестігін растаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Павлодар мұнай-химия зауыты шығаратын АИ‑95 және АИ‑98 бензин маркалары Кеден одағы техникалық регламентінің КО ТР 013/2011 және МЕМСТ 32513-2013 талаптарына сай келеді. Яғни, зауыт жөнелткен бензин партияларының сапасы расталып отыр" , – делінген хабарламада.

Арбитражды сынама – паспорттау кезінде мұнай өнімінің әрбір тиелетін партиясының сынамасы зауыт аумағында орналасқан SGS тәуелсіз зертханасында талдаудан өтеді. Оған арбитражды сынама деген пломба қойылып, ол арнайы арбитражды қоймада 45 тәулік бойы сақталады және мұнай өнімінің сапасын бағалауына қатысты келіспеушіліктер туындаған кезде пайдаланады.

Кейінгі кезде АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына қатысты шағымдар көбейген. Кей жүргізушілер жанармай құйғаннан кейін көлігінде ақау болғанын айтты. Осыған байланысты Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу