Павлодарды да су басқаны рас па?

431

Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі өкілі хабарламалар жалған екенін мәлімдеді.  

Павлодарды да су басқаны рас па? Фото: Pavlodarnews.kz

Whatsapp желісі арқылы Павлодардағы Ертіс өзенінде су деңгейі күрт көтерілгені жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарлама мәтінінде Усолка шағынауданының жағалауындағы үйлерді жақын арада су басуы мүмкін екені жазылған. Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі өкілі хабарламалар жалған екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, облыс қонақтары мен тұрғындарынан тек тексерілген дереккөздерге сенуді сұрайды. 

"Биылғы жылы жоғарғы Ертіс каскадының су қоймаларынан су жіберу көлемі былтырғыдан 50 пайызға артық жоспарланған, бірақ рекорд көрсеткіш емес", - деді департамент өкілі.

Мысалы, 2016 жылы көлемі әлдеқайда жоғары болыпты.

ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алдын алу дайындық іс-шараларын жүргізіп жатқаны белгілі болды. Мамандар бөгеттер тұрғызып, қап дайындап, су деңгейіне мониторинг жасап отырғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу