Павлодардың шағын аудандарына этноауылдар құрылды

Олар ұлттық атаулармен аталады. 

Павлодардың шағын аудандарына этноауылдар құрылды Фото: Павлодар қаласының әкімдігі

21 наурыз - Ынтымақ күні облыс орталығында Ұлыстың Ұлы күніне арналған кең ауқымды шаралар басталды. Шағын аудандар мен қалаға қарасты ауылдарда киіз үйлер құрылып, жұрт халықтық думанға жиналды, деп хабарлайды in business.kz тілшісі.

Биыл Наурыз мейрамы қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен, жылдағыдай ұлттық тағамдар мен Наурыз көже аста-төк көлемде таратылмайды. Есесіне киіз үйлер танымдық, ұлттық нақышта жабдықталды. Ұлттық стильдегі көрме киіздердің жанында концерттер ұйымдастырылып, төл спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Атап өтерлігі, шағын аудандар, саябақтар мен мекемелер аумағында тігілген ақшаңқан киіз үйлерден құралған этноауылдардың әрқайсысының өз атауы бар. Мәселен, екінші Павлодар шағын ауданындағы ауыл Наурызнаманың бүгінгі атауына сай “Ынтымақ”, Усолка шағын ауданындағы ауыл “Бірлік” деп аталады. Сол сияқты “Ырыс”, “Шаттық”, “Жұрағат”, “Көктем”, “Бақыт”, “Табыс” ауылдарының азаматтары да меймандарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, қолөнершілердің туындыларынан көрме ұйымдастырып, ұлттық дәм түрлерін ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу