Павлодарға алғаш рет "Тұлпар-Тальго" пойызы келді

1126

Павлодарға алғаш рет "Тұлпар-Тальго" пойызы келді

2-сәуірде Павлодар қаласының темір жол вокзалында "Алматы- Павлодар" бағыты бойынша тұңғыш рет сапарға шыққан "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызын салтанатты түрде қарсы алды. Оған облыс әкімшілігінің, ҚТЖ ҰҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері, еңбек ардагерлері және т.б. қатысты, деп хабарлайды temirzholy.kz.

Аталған әлеуметтік маңызы бар бағытта қатынайтын бұрынғы ескі жылжымалы құрам енді жаңа заманауи "Тұлпар-Тальго" вагондарымен алмастырылады. Жүрдек пойыз күн сайын Павлодар станциясынан 21:11-де жолға шығып, Алматы вокзалына 23:02-де жетеді. Ал кері бағытпен Алматы-2 вокзалынан 16:12-де шыққан пойыз Павлодарға 17:20-да жетеді.

Жаңа кесте бойынша да жолаушылар пойызы бұрыннан аялдайтын бекеттердің барлығына тоқтайды. Жол жүруге кететін уақыт оның жылдамдығының артуына байланысты 3 сағатқа қысқарды.

Пойыздың жылжымалы құрамы осы Павлодар учаскесінде жасақталады және онда қызмет көрсететін 200 жолсеріктің бәрі жергілікті тұрғындардан құралған.

Қазіргі уақытта вагондар паркі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Соңғы бес жыл ішінде 600-ден астам "Тұлпар-Тальго" вагондары сатып алынды. Алдағы уақытта тағы 180 жаңа вагон сатып алынбақ.

Осы жылдың қаңтар айында "Астана-Риддер" бағытында қатынайтын пойыздың көне құрамы толықтай қазіргі заманғы "Тұлпар-Тальго" вагондарына алмастырылған еді. Алдағы уақытта да вагондар паркін жаңарту жұмыстары жалғаса бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу