Павлодарлық 12 жасар қыз АҚШ Президентінен алғыс хат алды

2045

Ол АҚШ-тың ең үздік оқушысы қатарында және Президент бағдарламаларының тізіміне қосылған.

Павлодарлық 12 жасар қыз АҚШ Президентінен алғыс хат алды

Жәмилә Ахметова "Жоғары академиялық үлгерімі үшін" марапатталған алғыс хатта АҚШ президенті Дональд Трамптың қолы қойылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Анасы Жанна Жанахметованың негізгі мамандығы аудармашы, медицина және туризм саласында тәжірибесі бар. Павлодар қаласының № 10 гимназиясында еңбек етіп, "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алуға University of Illinois at Urbana-Champaign оқу орнына аттанған. 

"АҚШ-та алты жыл болғаннан кейін елге оралдық. Туған-туыстарымыз Жәмиляның үздік оқығаны үшін  ұсынылған көптеген наградаларының ішінде АҚШ Президентінен алған алғыс хатты көргенде қатты қуанды. Ол АҚШ-тың ең үздік оқушысы қатарында және Президент бағдарламаларының тізіміне қосылған", – дейді Жанна Жанахметова.  

Ұзақ жылдар шетелде білімін арттырған маман өзінің туған еліне еңбек ету үшін Қазақстанға келу туралы шешім қабылдаған.

Жәмилә Ахметова 2014-2016 жылдары 253 Нью-Йоркте Multicultural Elementary мектебінде оқыған, 2016 жылы Martin Luther King Elementary мектебінде ауысқан (Urbana) Illlinois. 2018-2019 жылдары (Urbana) Middle мектебінде білім алды.

Айта кетерлігі, 12 жасар дарынды қызды экстернмен сыныптан-сыныпқа ауыстырған, 6-сыныпты GPA 5.00-мен аяқтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу