Павлодарлық әйел мысыққа сірке суын шашты

302

Әйел жануарға қатыгездік танытты деп айыпталуда.

Павлодарлық әйел мысыққа сірке суын шашты Фото: pexels.com

Аталған жайтқа қатысты полицейлер жануарға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде әйелдің мысыққа сірке суын шашып жатқаны түсіп қалған видео тарады.

Көп ұзамай облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Бейне бойынша полицейлер тексеріс жүргізді. Тұрғынның жеке басы анықталды.  ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,– деді департаменттегілер.

Полицейлердің мәлімдеуінше мысық тірі қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу