Павлодарлық донор үш адамның өмірін құтқарды

865

Қазақстанның әртүрлі өңірінде тұратын үш пациентке ағза алмастыру операциялары жасалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Павлодарлық донор үш адамның өмірін құтқарды Фото: canva.com

Мереке қарсаңында Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургия орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері санавиация бортымен Павлодар облысына барған.

Сол күні Астанада күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша анализ тапсыруға шақырылды.

Медициналық тексерістің нәтижесі бойынша және комиссияның шешімімен 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.

"Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке бүйрек трансплантациясын сәтті жасады. Реципиент палатаға ауыстырылды, қазір оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ Ана мен бала орталығында екінші пациент – баланың бүйрегі алмастырылды", - делінген хабарламада.

Ал үшінші пациентке Кардиохирургия орталығында донордың жүрегі салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу