Павлодарлық кәсіпкер 34 млн теңге көлеміндегі қарызынан жалтарып жүрген

Сондықтан қымбат көлігі айыппұл тұрағына қойылды. 

Павлодарлық кәсіпкер 34 млн теңге көлеміндегі қарызынан жалтарып жүрген Фото: pavon.kz

Павлодар облысында "Борышкер" алдын алу шарасы өтіп жатыр. Соның барысында патрульдік полиция қызметкерлері прокурор, сот орындаушыларымен бірге рейд жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Аталған рейд барысында қарызынан жалтарып жүрген жүргізушілер анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қолданылуда. Айталық, полиция өкілдері облыс орталығындағы көліктердің ағыны ішінен Cadillac Escalade маркалы қымбат көлікті байқап, тоқтатты. Тексеріс барысында көліктің иесі – кәсіпорын мекемесінің атында 34 млн теңге өтелмеген қарыз бар екені белгілі болды. 

"Соның негізінде жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде көлік бірден арнайы тұраққа қойылды", – деді патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы. 

Полиция осындай шаралар қолданылмас үшін айыппұлды уақытылы төлеуге кеңес берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу