Павлодарлық кәсіпкер ауызашарға 7 млн теңге бөлді

Ол жыл сайын осы бағытта демеушілік жасайды. 

Павлодарлық кәсіпкер ауызашарға 7 млн теңге бөлді Фото: muftiyat.kz

Қасиетті Рамазан айында игі іс жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созатын жомарт жандар жетерлік. Солардың бірі жыл сайын Орталық мешітке қомақты сома бөліп, ауызашар ұйымдастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бірақ бизнес өкілі есімін құпияда ұстауды жөн көреді. Өңірдің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлының сөзінше, кәсіпкер жыл сайын осындай игі қадам жасайды. Бұл жолы ауызашар дастарханына 7 млн теңге бөлді. 

"Тұрғындар мұқтаж адамдарға кез келген көмек көрсете алады. Кейбір адамдар ауызашар өткізеді. Жергілікті тұрғындардың бірі жыл сайын осы мақсатқа қаражат қарастырады. Биылғы қаржылай қолдауы аясында мешітте күн сайын 160-190 адамға дастархан жайылады. Оған қатысамын деушілердің барлығына есігіміз ашық", - дейді ол. 

"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу барысында Жолдас Бертімұратов кәсіпкерлерді игі істер жасауға, қасиетті айда бағаларды негізсіз көтермеуге, керісінше мүмкіндігінше жеңілдік жасап, көмекке зәру адамдарға қолдау көрсетуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу