Павлодарлық келіншек 2 баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен

Жантүршігерлік жайт бүгін түсте болған.  

Павлодарлық келіншек 2 баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен Фото: Артем Викторов

Оқиға уақытында пәтерде әйел мен балаларынан басқа ешкім болмағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жедел жәрдем қызметі сағат 13:06 шамасында оқиға орнына барып, екі баланы ауыр хәлде облыстық балалар ауруханасына жеткізген. 5-қабаттан балаларын лақтырған, артында өзі де секіріп кеткен әйелдің жағдайы ауыр. 

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мамандары оқиға орнына жедел жеткен. 

– Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел 5-қабаттан екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен. Бірінші санаттағы шұғыл әрекетпен үш жедел жәрдем бригадасы жолданды, – делінген мәлімдемеде. 

Әйелдің мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз. Ол қазір Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілген. 

Павлодар облыстық бала құқығы жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шәкенованың айтуынша, зардап шеккен балалар 1,5 және 5 жаста. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу