Павлодарлық оқушы Латвияда чемпион атанды

828

Павлодарлық оқушы Латвияда чемпион атанды

Латвияның Юрмала қаласында дзюдодан VII халықаралық "YOUNG STARS JURMALA 2018" турнирі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Балтық өзенінің жағалауында Ресей, Белорусь, Хорватия, Эстония, Латвия және Қазақстан атынан мыңдаған жас спортшы жиналды.

Сайыс қорытындысы бойынша  № 37 жалпы білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Садық Әмір 46 кг салмақ дәрежесінде І-орынды иеленді. Жас чемпионды сайысқа "TIME" балалар мен жасөспірімдер бос уақытын қамту орталығының жаттықтырушысы Армия Мұрагер дайындаған болатын.

Әмір аталған спорт түрімен 2017 жылдан бері шұғылданады. Сыныптың ең үздік оқушыларының бірі, спорттан басқа ол кітап оқу және сурет салумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу