Павлодарлық омарташылар арамен емдеу терапиясын бастайды

1421

Облыс орталығында Қазақстандағы тұңғыш омарта шаруашылығы музейі ашылды.

Павлодарлық омарташылар арамен емдеу терапиясын бастайды

Павлодар облысы орталығында жергілікті еліміздегі алғашқы омарта шаруашылығы музейі мен "Медовая аптека" дүкенін ашты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қаладағы 20 омарташыны біріктірген "Мед Прииртышья" атты ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі аталмыш сауда орнында павлодарлық бал өнімдері ұсынады. Дүкеннің жанында орналасқан музейде өңіріміздегі омарта шаруашылығының тарихын баяндайтын жәдігерлер мен ақпарат көрсетілген.

"Біздің мақсат – қала тұрғындарға жергілікті балдың бар екенін және оның қаншалықты сапалы әрі пайдалы екенін жеткізу. Қазіргі кезде қай дүкенді алып қарасаң да, сөрелері шетелдік балға толы. Тұрғындар олардың нақты қайдан, сапасы қандай, ағзаға қандай әсер тигізетінін білмесе де, соны сатып алады. Соның кесірінен, павлодарлық омарташылардың өнімі лайықты сұранысқа ие бола алмай жүр", –  дейді "Мед Прииртышья" ӘКК төрағасы Сергей Трофимов.   

Дегенмен, жерлестеріміз бұған мойымай, өз өнімін халыққа жеткізудің әртүрлі амалын қолдануда.  Мәселен, "Мед Прииртышья" ӘКК бастамасымен қалада жергілікті бал өнімдері ұсынылған төрт дүңгіршек ашу жоспарлануда. Оған қоса, омарташылар Ертіс өңірінің балын Корея, Қытай және Израильге тасымалдауды көздеуде.

"Медовая аптекада" жергілікті омарташылардың шығарған прополисі бар мұз кәмпиттері, балды алма, ұядағы бал және өзге де өнімдер бар. Оған қоса, жақында павлодарлықтарға арнап балдан жасалған төрт түрлі теріге арналған крем, сұлы балы квасы және балды сірке су шығару жоспарлануда. Соңғы өнім ағзадағы зиянды қалдықтарды шығаруға, ағзаны жасартуға, артериалдық қысымды төмендетуге және семіздікпен күресуге көмектеседі.

Павлодарлық омарташылар наурыз айынан бастап арамен емдеу терапиясын өткізуді бастамақ. Айтуларынша, ара уы адамды түрлі кеселдерден емдеуге көмектеседі. Бұл простатит, хондроз, әйел адамдарының гинекологиялық ауруларын емдеуге көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу