Павлодарлық шаруа қожалықтары күн батарейлерін орната бастады

1016

Павлодарлық шаруа қожалықтары күн батарейлерін орната бастады

Инвестициялық субсидияландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Павлодар облысы шаруа қожалықтарын субсидияландыру бойынша 95 жоба қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Комиссия операторы Виктория Боеваяның айтуынша, 89 шаруашылықтың жайылымдық учаскелерінде күн батарейлері  орнатылған.  Бұл бірінші кезекте күн сайын 25 мың 112  мал басын ауыз сумен қамтуға және мал шаруашылығымен айналысатын  жандардың  әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

"Олар жарық пен суы жоқ  шалғайда орналасқан, – дейді Виктория Боевая. – Сондықтан сондай жағдайда өмір сүру үшін вагондар сатып алынады. Өткен комиссияда киіз үй сатып  алу мәселесі талқыланып, өтініштер мақұлданды.  Жердің астынан су алатын генераторлар  және электр энергиясымен қамтамасыз ететін күн батарейлеріне қаржы бөлінді. Инвестициялық субсидияландыру комиссиясының отырысында күн батарейлері  басты  мәселеге айналған. Өткен комиссияда күн панельдері мен ұңғымаларға қатысты  40-тан астам өтініш түскен.  Бұл жолы комиссия 50-ден астам өтінішті қарады". 

Көбінесе Баянауыл және Май аудандары шаруа қожалықтарының басшылары жүгінеді. Сондай-ақ Павлодар ауданының шаруа қожалығы бірнеше өтініш жолдаған. 

"Электр генераторы  су тарту үшін  электр энергиясының балама көзі тәрізді. Жайылымдық мал шаурашылығы мен күн панельдері, вагондар, жел генераторлары мен қуаты төмен сорғылар  – жайылым жерлерді суландыру бағдарламасы аясындағы инфрақұрылым болып табылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Дәурен Махажанов".

277 млн теңгеге 89 шаруа қожалығында құрылған күн панельдері 163 мың гектар жерді сумен қамтуға мүмкіндік берген. Комиссия агроөндіріс кешені субъектілерімен келтірілген шығындардың орнын толтыру үшін субсидия бөлу ережелері шеңберінде ұсынылатын 288 млн теңгеге 95 жобаны қарастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу