Павлодарлық шаруалар шөп шабуға кірісті

708

Бірақ биылғы құрғақшылық шығымдылыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Павлодарлық шаруалар шөп шабуға кірісті

Биыл Павлодар облысында 1 млн 449 мың гектар аумақтан шөп жинау жоспарланып отыр. Осы уақытқа дейін оның 16%-ы шабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Төрт түлік бағып отырған ағайын биылғы шөп көлемі былтырғыдан аз болып қала ма деп алаңдап отыр. Себебі ауа райы шығымдылықтың артуына кері әсерін тигізбей қоймады.

"Жыл сайын жалға алған жерден шағын шаруашылығыма қажет 50-60 тіркеме шөп шауып аламын. Бірақ биыл мұндай көлем жиналмайтын сияқты. Себебі маусым құрғақ әрі ыстық болды. Шілденің жаңбырлы күндері өнімділіктің арта түсуіне әсер ете қоймас", – дейді "Қайрат" шаруа қожалығының басшысы Рахат Сүлейменов.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, осы уақытқа дейін 230,9 мың гектардан шөп шабылды. Өңір бойынша өнімділік гектарынан 5,6 центрнерді құрап отыр. Жоспар бойынша, төрт түліктің қыстан қысылмай шығуы үшін 1 млн 103 мың тонна мал азығын дайындау керек.

Қазір аймақтағы шабындықтарда 597 техника жұмыс істеп жүр. Бұл – жалпы техникалардың бестен бір бөлігі. Жұмыс қызатын тамыз, қыркүйек айларында басқа техникалар да іске кіріседі.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу