Павлодарлық шенеуніктер жұмыс уақытында шетелде жүрген

151

Бірақ шенеуніктердің еңбек табелінде жұмыста болған деп көрсетіліп, жалақы алған.  

Павлодарлық шенеуніктер жұмыс уақытында шетелде жүрген Фото: yandex.com

Ертіс-Баян өңірінде бірқатар мемлекеттік қызметші жұмыс уақытында шекара асып, Ресейге шығып кеткені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Еңбек табелін жалған ақпаратпен толтырған мемлекеттік қызметшілердің мәселесі әдеп кеңесінің кезекті отырысында қаралды.

Жұмыс уақытында ел ішінде болмаған шенеуніктердің бірі – Екібастұз қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары. Ол 2024 жылдың қараша айында Ресей Федерациясы бағытында шекараны кесіп өткен. Жұмыстан отбасы жағдайыма байланысты деп сұранған. Бірақ еңбек табелі басқаша толтырылып, ел ішінде болмаған күндері үшін де еңбекақы жазылған.

Ал, өткен жылдың желтоқсан айында Железин ауданы Ақтау ауылдық округі аппаратының бас маманы да жұмыс уақытында мемлекеттік шекарадан шыққан. Ол басшысынан денсаулығына байланысты аудан орталығына барамын деп сұранған екен. Бұл жағдайда да қызметкердің жұмыста болғандығы көрсетілген.

Әдеп жөніндегі кеңес барысында мекеме басшылары қоластындағы қызметкерлердің жөнсіз қылығы үшін кешірім сұрап, бақылау кезінде жіберген кемшіліктерін мойындады. Кеңес мүшелері Екібастұз қаласының әкіміне және Железин ауданының әкіміне шенеуніктерге қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру керектігін ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу