Павлодарлық жас хоккейшілер мінген автобус Ресей аумағында сынып қалды

705

Павлодарлық жас хоккейшілер мінген автобус Ресей аумағында сынып қалды

Ресей Федерациясының Алтай өңірі аумағында павлодарлық жасөспірім спортшыларды тасымалдаған автобус істен шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР Омбыдағы елшілігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 21-інен 22-қаңтарға қараған түрі Междуреченк (Алтай өңірі) – Павлодар бағыты бойынша қатынаған автобус сынып қалған. Көлікте "Ертіс" хоккей клубының 18 жас спортшысы, екі жаттықтырушы мен екі жүргізуші болған.

" Барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Олар Степное ауылының жатақханасына орналастырылды. Зардап шеккендер жоқ, барлығы тамақпен қамтамасын етілді. Балалардың ата-аналарына хабар бердік. Қазіргі уақытта спортшыларды Павлодарға жеткізу мәселесі шешілуде", - деп жазды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі өзінің Facebook парақшасындағы ресми аккаунтында.

Еске салайық, қатты аяз салдарынан Павлодар облысында барық бағыттар бойынша тас жолдар жабық. Сондай-ақ, Омбымен шекаралас жатқан Қазақстанның өңірлерінде көлік қозғалысы тоқтатылған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу