Павлодарлық жүргізушілер қазынаға 800 млн теңге қарыз

1147

Көлік салығын төлеу мерзімі таяп қалды.  

Павлодарлық жүргізушілер қазынаға 800 млн теңге қарыз

Отандық көлік иелері 1 сәуірге дейін техникаға салынатын салық сомасын толығымен төлеуі тиіс. Алайда павлодарлық кейбір жүргізушілер биылғы түгілі былтырғы берешекті өтеуге асығар емес, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Рысбек Мінәйімбеков өткен жылы облыстағы көлік иелері қазынаға 2,5 млрд теңге көлемінде салық төлегенін айтты. Ал 800 млн теңге бюджетке түскен жоқ.

"Олардың ішінде бірнеше жыл бұрын сенімхатпен сатылған, қираған, қайтыс болған азаматтардың атында тіркелген көліктер де бар. Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер комитетті осындай қарыздарды сызып тастау механизмін қарап жатыр", – дейді департамент басшысының орынбасары.

Ал биыл облыстағы 127 мың көлік иесі салық төлеуге міндетті. Олардың атында 178 мың техника бар.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу