Павлодарлықтар көбіне Астана қаласына қоныс аударады

480

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Павлодар облысынан Қазақстанның басқа өңірлеріне 2338 адам көшкен.

Павлодарлықтар көбіне Астана қаласына қоныс аударады Фото: pavon.kz

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, павлодарлықтардың  53,9% – Астана қаласына, 10,4%  Алматы қаласына қоныс аударған, деп жазады inbusiness.kz Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап. 

Облыс аумағынан шет елдерден 468 адам көшіп келді. Оның ішінде ТМД елдерінен – 352 адам, олардың 82,7%-ы Рессейден келген, басқа елдерінен 116 адам қоныс аударды: олардың 55,2%-ы Моңғолиядан, 25,9%-ы Германиядан қоныс аударған.

Қазақстанның басқа өңірлерінен Павлодар облысына 4466 адам көшіп келді, олардың 27,6% – Астана қаласынан, 11,2% – Түркістан облысынан келген. Жалпы, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында облыстан республика шегіне 2338 адам, соның ішінде ТМД елдеріне  2001 адам (99,1% Рессейге), әлемнің басқа елдеріне 337 адам (86,9%-ы Германияға) қоныс аударды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу